Санкт-Петербор өкіметі отандастарын қолдауға 224 миллион рубль бөледі

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 7 маусым. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейдің Солтүстік елордасының өкіметі шетелдерде тұрып жатқан ресейлік отандастарын қолдау мәселелеріне айрықша назар аударуда.

Санкт-Петербор  өкіметі   отандастарын   қолдауға  224 миллион рубль  бөледі

Олармен достық байланыстарды нығайтуға алдағы үш жылға қала бюджетінен 224,5 миллион рубль бөлініп отыр.

Атап айтқанда, жас отандастар үшін дәстүрлі форум өткізу, шетелдерде тұрып жатқан тұрмысы төмен жерлестердің балаларына жаңажылдық сыйлықтар тапсыру, ардагерлерге арналған медициналық жабдықтар жеткізу, жерлес-суретшілердің көрмелерін ұйымдастыру, шетелдерге радиохабарлар трансляциялау қарастырылуда,

Бұл бағдарламаға сәйкес, әлемнің 25 еліндегі петерборлықтарға қолдау көрсету жоспарланған.