Санкт-Петербор тұрғыны жапалақтың балапанын қарғалардан құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор тұрғыны Александр Простов жапалақтың балапанын аш қарғалардан құтқарды. Жыртқыш құстар Успения Пресвятая Богородица ғибадатханасының маңында балапанды шұқып тастамақ болған.

Санкт-Петербор тұрғыны жапалақтың балапанын қарғалардан құтқарды

Шіркеуден шыққан Александр Простов балапанды құтқарып, құсты үйіне алып барды.

Жақын арада Простов құсты зооқорғаушыларға тапсырмақ. Ол әлеуметтік желілерге құтқарылған жапалақ балапанының суретін жариялады, деп жазды piter.tv.