Санкт-Петербор ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізімінен алынып тасталуы мүмкін
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - «Газпромның» қаржыландыруымен Санкт-Петерборда салынатын биіктігі 403 метрлік «Охта-центр» мұнарасының құрылысы Нева жағалауындағы қаланы ЮНЕСКО-ның дүнижүзілік мұралар тізімінен шығарылуына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның ресми мәлімдемесінде айтылып отыр.
Халықаралық ұйымдағылар, мұнараның салынуын Ресейдің ескерткіштерді қорғау жөніндегі міндеттемесін бұзғаны деп санайтынын мәлім етуде. Аспан тіреген мұнара салынған жағдайда, ЮНЕСКО Санкт-Петербор қаласының орталығын дүниежүзілік мұралар тізімінен қатер төнген нысандардың тізіміне ауыстыратын болады.