Санкт-Петербор Жеңіс күнін 30 дүркін отшашумен атап өтеді

«Дәстүр бойынша бірінші және соңғы отшашу Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналады. Қалған залптар соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен Кеңес Одағы Батырларының құрметіне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктердің құрметіне арналады», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Батыс әскери округінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отшашуды Михайлов әскери артиллерия академиясының курсанттар дивизионы атады. Салют батареялары Нева жағалауына, Петропавл қамалындағы Үлкен жағажайға орнатылады.
Гарнизонның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 30 секундтық интервалмен 30 дүркін отшашу атылады. Жеңістің 66 жылдығы құрметіне арналған отшашу 9 мамыр күні жергілікті уақыт 22.00-де басталады.