Санкт-Петербор Жеңістің 65 жылдығына орай ауқымды кинофорум өткізеді

АСТАНА. Сәуірдің 12-і. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған ауқымды киномереке Санкт-Петербор қаласында, мамыр айының 2-5-і аралығында өтеді. Үш күн ішінде петерборлықтар мен қала қонақтарына 20 елдің 100-ге тарта фильмі, сондай-ақ 7 әлемдік премьера көрсетіледі.

Санкт-Петербор Жеңістің 65 жылдығына орай ауқымды кинофорум өткізеді

Қаланың вице-губернаторы Алла Манилованың айтуынша, Канн кинофестивалімен қатар келіп отырған бұл кинофорум Санкт-Петербор қаласында аз болса да, әлемдік киноқайраткерлердің басын қосуды жоспарлап отыр.

«Кинофорумға Ресей киноматографтарының соғыс жайлы түсірген жарты ғасырлық туындылары, сондай-ақ шетелдік әскери фильмдердің ең үздіктері іріктеледі», - деді ол.

«Кинофорумның 900 күн бойы гитлерлік қоршауға төтеп берген қаһарман қалада өтуінің де маңыздылығы жоғары», - деді кинофорумның президенті, Ресейдің халық әртісі және сценарисі Алексей Герман.

Барлық фильмдер қала тұрғындарына тегін көрсетіледі. Билеттер ЖОО, әлеуметтік қорғау қызметі мен мәдениет комитеті арқылы таратылады.

Кинолар жабық алаңдармен қатар ашық алаңдар да көрсетіледі. Кинозалдарға Александр бағы, Сарай алаңы, Өнер алаңы, Михаилов театры, Кино үйі және т.б. мәдениет ошақтары белгіленді.

Гала-премьералар мен кинооқиғалардан басқа, көрермендер мен қонақтар әскери кино үзінділері мен әскери тақырыптар бойынша анимацияны тамашалай алады.

Кинофорум петерборлық режиссер Алексей Учительдің «Өлке» атты жаңа туындысымен ашылады.