Санкт-Петербор жоғары деңгейде өтетін экономикалық форумға дайын отыр

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петербор жоғары деңгейдегі экономикалық форумға дайын отыр.

Санкт-Петербор   жоғары  деңгейде өтетін  экономикалық форумға   дайын      отыр
Бұл жайында сенбі күні XIII Халықаралық экономикалық форумның ұйымдастыру комитетінің ақырғы мәжілісінде мәлім етілді. ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, отырыста форумның бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Қала губернаторы В.Матвиенко ханым, Петербордың дәстүр бойынша экономикалық форумның өзіндік брэндіне айналған қызықты мәдени бағдарлама дайындап отырғанын жеткізді. Айтулы шараға театр премьералары, концерттер мен көрмелер орайластырылып отырғанын айтты. XIII Петербор халықаралық экономикалық саммиті маусымның 4-і мен 6-сы аралығында өтеді.