Санкт-Петерборда 2020 жылғы Олимпиадалық ойындарды өткізуге үміткер қалалардың таныстырылымы өтеді

АСТАНА. 26 мамыр. ҚпазАқпарат - Санкт-Петерборда бүгін ашылатын халықаралық «СпортАккорд» конвенциясының ауқымында Халықаралық Олимпиада комитеті Атқару комитетінің отырысы өтеді, онда 2020 жылғы олимпиада ойындарын өткізуге үміткер-қалалардың таныстырылымы болады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Шара 26-31 мамыр аралығында өтеді. Оның ресми ашылуына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге, Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелері, халықаралық спорт федерацияларының президенттері, ірі спорт ұйымдары мен Еуропа кеңесі, ЮНЕСКО сықылды халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.

Конвенцияға 2 мыңға тарта адам қатысады , олардың арасында РФ үкіметінің мүшелері, Ресей олимпиада комитетінің өкілдері, «Сочи-2014» Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің басшылары, спорт ұйымдарының өкілдері бар.

«Шараға 2014 жылы Сочиде өтетін ХХІІ Олимпиадалық қысқы ойындар мен ХІ Паралимпиадалық қысқа ойындарды ұйымдастыру кезіндегі қоғамдық маңызды шаралар бағдарламасы енгізілді», деп хабарлады ұйымдастыру комитеті. Конвения ауқымында барлық ірі халықаралық спорт федерациялары басшыларының қатысуымен бас ассамблеялар өткізіледі. Сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиаданы өткізу құқығына үміткер қалалардың таныстырылымы болады.

«СпортАккорд» қауымдастығы» халықаралық коммерциялық емес спорт ұйымы, ол 105 халықаралық спорт ұйымдарын, соның ішінде олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 90 халықаралық федерацияны біріктіреді.

Соңғы жаңалықтар