Санкт-Петерборда бір отбасы бес айлық баласы мен көлігінен «айырылып» қала жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде Санкт-Петербор қаласында тұраққа дұрыс қойылмаған көлікті тәртіп сақшылары алып кеткен. Эвакуацияланған көлікте 5 айлық сәби болған, деп хабарлады «ТАСС».

Санкт-Петерборда бір отбасы бес айлық баласы мен көлігінен «айырылып» қала жаздады

Оқиға жексенбі күні кешкі уақытта орын алған. Үлкен баласын ертіп, дүкенге кіріп кеткен ерлі-зайыпты 5 айлық баласын көлікте қалдырған. Олар, дүкенде бірнеше минут қана болғанын айтып, ақталған.

Полиция қызметкерлері бұл жағдай бойынша, тағы да бірнеше заң тәртібі сақталмағанын айтыды. Мәселен, көлікте, балаларға арналған автомобиль креслосы болмаған. Сонымен қатар, көлік әйнектерді тұмшаланған.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда.