Санкт-Петерборда Борис Ельцин атындағы президенттік кітапхана ашылды

ҚазАқпарат тілшісіне осы мекеменің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кешенді ашу салтанаты 2009 жылғы мамырдың 27-сінде өткен болатын. Ал Білім күні кітапхана залдары тұрақты оқырмандарына қызмет көрсете бастады.
Елдің біртұтас ақпараттық кеңістігін жасау президент болып тұрған кездегі Владимир Путиннің идеясы болатын. 2007 жылғы ақпанда ол тиісті өкімге қол қойды. Ал сол жылдың сәуірінде Федералдық Кеңеске жыл сайынғы Жолдауында кітапхананы Ресей Федерациясының тұңғыш Президенті Борис Ельциннің есімімен атауға ұсыныс жасады. Кітапхана электронды тұрғыда құрылуда және Ресей мемлекеттік тарихи мұражайының, сондай-ақ жетекші ұлттық кітапханалардың материалдарымен толықтырып тұрады.Ақпараттар мәтін, дыбыстық жазу, бейнелеу және олардың жиынтық түрінде сақталады.