09:03, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Санкт-Петерборда Борис Ельциннің атындағы президенттік кітапхана ашылады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда қала күні, мамырдың 27-сінде ашылатын Борис Ельциннің атындағы президенттік кітапхананың алғашқы оқырманы Ресей Президенті Дмитрий Медведев болады.
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, кітапханада президент үшін жеке кабинет жасалады. Синод ауласында тұрғызылған ауданы 7,8 мың шаршыметрлік корпуста 4 мультимедиялық зал, «Атриум» бас мәжіліс залы және көрме кешені орналасады. Оған қоса, жалпы ауданы 17 мың шаршыметрді құрайтын Синод ғимаратын қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары қарастырылған. Синодтың екінші және үшінші қабатында негізгі VIP-жайлар, оның ішінде шіркеу залы мен Конституция залы орналасады. Петерборда Синод ғимаратында президенттік кітапхана ашу идеясы 2006 жылы айтылған болатын. 2007 жылы Федералды Жиналысқа арнаған дәстүрлі Жолдауында, сол кездегі ел Президенті Владимир Путин кітапханаға Ресейдің Тұңғыш Президенті Борис Ельциннің есімін беруді ұсынған болатын.