Санкт-Петерборда доңыз тұмауы вакциналарын балаларға егіп, сынақ жүргізеді

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -Санкт-Петерборда   бейсенбі күні  доңыз тұмауына  қарсы вакцинаның  балаларға егу сынағы басталады.

Санкт-Петерборда  доңыз тұмауы вакциналарын   балаларға  егіп,  сынақ жүргізеді

Петербордағы Тұмау   ғылыми-зерттеу  институтынан ҚазАқпарат  тілшісіне  хабарлағанындай,   ересектерге жасалған  вакцина   сынағының   алдын-ала оң  нәтижелері алынып  отыр, сондықтан да     енді  оны     балаларға егу  сынағын   бастау  туралы шешім    қабылданған.

Естеріңізге  сала  кетейік,    A/H1N1 тұмауы  вирусына  қарсы  вакцинаның клиникалық сынағы  Петерборда ағымдағы жылы   қыркүйектің  10-ында басталған   болатын және сынақ  екі кезеңде  өткен   еді.   Бірінші кезеңде «тірі» вакцина сыналса, екінші кезеңде -инактивтелген   вакцина  сынақтан   өткізілді.   Екі вакцинаның  сынағын   қараша айында аяқтау  жоспарлануда.