Санкт-Петерборда қаланы 16 қабаттан тамашаламақ болған қыз бала құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор қаласында 12 жасар Анастасия үш құрбысымен бірге Ланск күре жолындағы көп қабатты үйдің 8 қабатында тұратын таныс қыздың үйіне келген.
Оқушы қыз қаланы жоғары қабаттан тамашалағысы келгенде, қасындағы қыздар оған 16 қабаттағы балконға көтерілуі керекітігін айтқан. Настя сол кеткеннен оралмады. Далаға шыққан құрбылары оның жансыз денесінің үстінен шықты. Бұл туралы LifeNews-қа құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.
Қайғылы оқиға 8 қазан күні шамамен сағат 16:45-те орын алған. Оның егжей-тегжейлері анықталу үстінде.