Санкт-Петерборда кезекті Жеңіс Күні қарсаңында бірқатар мерекелік және естелік шаралар ұйымдастырылмақ

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда кезекті Жеңіс Күні қарсаңында бірқатар мерекелік және естелік шаралар ұйымдастырылмақ.

Санкт-Петерборда кезекті Жеңіс Күні қарсаңында бірқатар мерекелік және естелік шаралар ұйымдастырылмақ
ҚазАқпарат тілшісі хабарлағандай, салтанатты-қаралы рәсімдер, еске алу акциясы, жаңа ескерткіш белгілердің, әскери даңқ залдарының салтанатты ашылуларын қосқанда барлығы 18 ескерткіш-мемориалдық шара өтеді. Кеңес халықтарының ерлігіне арналған мемориалдық және ескерткіш орындарды абаттандыруға баса назар аударылады. Барлығы 217 нысанды тәртіпке келтіру көзделген.«Естелік белгілер үшін Отан соғысы ардагерлерінің алдына ұятқа қалмауымыз керек. Бұл жұмыстар биыл аяқталуы тиіс», - деп атап өтті губернатор Валентина Матвиенко.Кеңес Одағының Батыры атындағы саны 81-ден асатын барлық қала көшелерінде, кенттерде жалпы халықтық мерекелер өткізу жоспарланып отыр.