Санкт-Петерборда КСРО-ның ыдырауының 20 жылдығына арналған көрме ашылады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда «Кеңес Одағы. Соңғы тарау» жобасының аясында КСРО-ның тағдырын шешкен наурыз референдумының 20 жылдығына орай «Мызғымас одақ?» көрмесі ашылады.
Көрмеге одақтас республикалардың егемендік туралы декларациялары, КСРО-ның жоғары органдарының заң жобалары мен қаулылары, елдегі оқиғаларға қатысты өз ой-пікірлерін білдірген қарапайым кеңес азаматтарының хаттары мен жеделхаттары қойылады.
Көрме 18 наурыздан бастап жұмыс істей бастайды.