Санкт-Петерборда ОКҚ ресми өкілінің көшпелі брифингі онлайн режімде өтуде. ВИДЕО
АСТАНА-САНКТ-ПЕТЕРБОР. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың көшпелі брифингі Санкт-Петерборда, G-20 Саммиті алаңында, онлайн режімінде өтуде.
Санкт-Петербордағы брифинг барысында басты назар еліміздің барынша маңызды оқиғаларына және «жиырмалық тобы» көшбасшылары Саммитіне Қазақстанның қатысуына аударылады.
Брифингтен тікелей көрсетілім ortcom.kz сайтында, сонымен қатар «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының сайтында жүргізілуде.