Санкт-Петерборда Раиса Горбачеваны еске алуда
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт -Петерборда Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының тұңғыш президенті Михаил Горбачевтің зайыбы Раиса Горбачеваның қайтыс болуының 10 жылдығына орайластырылған бірегей көрме ашылады. Көрмені М.Горбачевтің өзі ашады.
Көрмеге айтулы тұлға, педагог, ғалым, қоғам қайраткері, ана, әйел, әже ретіндегі Раиса ханымды жан-жақты таныстыратын түрлі биографиялық материалдар қойылады. Фотосуреттер, құжаттар, кітаптар оның қоғамдық және қайырымдылық істері туралы әңгімелейді. Халықаралық ұйымдар мен шетелдік университеттердің наградалары, түрлі адамдар мен ұйымдар берген сыйлықтар да Раиса Горбачеваның қоғамдық қырын кеңінен аша түседі.
Көрмеге келушілер Горбачеваның жеке заттарын, оның өміріндегі айтулы оқиғалармен байланысты жәдігерлерді, мысалы Рим Папасы Иоанн Павел ІІ тарту еткен католик крестін, басқа да бірегей дүниелерді тамашалай алады.