Санкт-Петерборда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жоғарғы Палатаның делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қырық бесінші отырысына қатысты.

Санкт-Петерборда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысы болды

Отырыс барысында басты назар ТМД елдеріндегі білім беруді дамыту мәселелеріне аударылды. Шараға қатысушылар «Инклюзивті білім беру туралы», «Ересектерге білім беру туралы», «Аралық соттар және аралық талқылауға төрелік туралы», «Парламенттік тергеу туралы», «Жергілікті билік органдарының шекаралық ынтымақтастыққа қатысу тәртібі туралы», «Сақтандыру медицинасы туралы», «Электрондық құжаттарды трансшекаралық ақпараттық алмасу туралы», «Электрондық үкімет туралы», «Әлеуметтік-мәдени қызмет туралы», «Үкіметтік емес ұйымдар туралы», «Ірі спорттық шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы», «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы», «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» үлгі ретіндегі заңдар қабылдады.

ТМД ПАА Қарулы қақтығыстар кезеңінде және басқа зорлық-зомбылық жағдайларында медициналық қызметкерлерді және денсаулық сақтау нысандарын қорғау жөніндегі ұсынымдарды және Ұйымдарды террористік және экстремистік сипатқа жатқызу мәселелері бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын жетілдіру және үйлестіру жөніндегі ұсынымдарды қабылдады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған үлгі ретіндегі Кітапхана кодексі мен «Интернетті реттеудің негіздері туралы» үлгі ретіндегі заң жаңа мәтінде бекітілді. Одан басқа, отырыста «Мемлекеттік шекара туралы» үлгі ретіндегі түсіндірме қаралды.

Таврия сарайында сондай-ақ екі мемлекет парламенттері Палата төрағаларының орынбасарлары Сергей Громов пен Ильяс Умахановтың төрағалық етуімен Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресейдің Федерация Кеңесі арасындағы Парламенттік ынтымақтастық комитетінің кезекті отырысы болды. Қазақстан жағынан Сергей Плотников, Серік Бектұрғанов, Серік Жақсыбеков, Жеңіс Нұрғалиев және Владимир Редкокашин да қатысты.