Санкт-Петерборда ұйқышылар көпір үстіне пижамамен жатып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте студенттер, оқушылар, жұмысшылар жиналып, «ұйқы маршын» өткізді, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Ерекше акцияны қаладағы «Ұйқышылар конфедерациясы» ұйымдастырған екен. Шеру барысында демонстранттар орталық парктегі көпір үстіне пижамамен жатып алды. Қатысушылардың барлығы - таңертең ерте тұрғысы келмейтіндер. Айтуларынша, емтихан, жұмыс деп жүріп, жастар шала ұйықтайды. Бұл проблеманы билікке жеткізу үшін олар осындай марш өткізуді жөн көріпті.