Санкт-Петербордағы Мыс салт атты ескерткішіне 227 жыл толды

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Тамыздың   7-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -   Санкт-Петербор рәміздерінің  бірі - І Петрге  қойылған  «Мыс салт атты» ескерткішіне  227 жыл    толды. Атақты ескерткіш   1782   жылы тамыздың 7-сінде   ашылған  болатын,

Санкт-Петербордағы Мыс салт  атты ескерткішіне  227  жыл толды

деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мыс салт  атты" монументін   орнату  идеясын      Екатерина ІІ ұсынған  екен.   Ол  кезде  патшайым  француз  философы   Дени Дидромен   хат  жазысып  тұрған  және      қаланың   негізін қалаушы І Петрге арналған  ескерткішті  қай мүсінші    жасай алатындығы  туралы    кеңес сұраған.  Философ     оған   ол  кездегі   беймәлім  мүсінші  Этьен  Фальконеге өтініш  етуге  кеңес берген.  Кейіннен  «Мыс салт  атты»   Фальконе шығармашылығының    шыңына және     әлемдегі     үздік салт  атты  ескерткішіне айналды.  

Ескерткіш    1782 жылы ашылды. Бірақ  Этьен  Фальконе     ескерткіштің ашылуына қатыса алмады.    Ескерткіш жұмысы аяқталуға 4 жыл  қалғанда    мүсінші     император әйелдің қаһарына  ұшырап,   Ресейден  кетеді.   Ал ескерткішті  жасау   жөніндегі барлық   құрметті    Екатерина ІІ  өзі иемденеді. Сондықтан да  «Мыс  салт атты» ескерткішінің төменгі жағына  «І Петрге   Екатерина ІІ-ден»  деген      жазу  жазылған,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.