Санкт-Петербург-Астана бағытында әуе рейсі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Red Wings» әуе компаниясы Санкт-Петербург-Астана бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр. Мұндай ақпаратты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санкт-Петербург-Астана бағытында әуе рейсі ашылады

«Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе бағыттарын дамыту бойынша жұмысты жалғастырып келеді. Дипломатиялық арналар арқылы ресейлік авиациялық билік органдарынан аптасына 7 рейс жиілігімен Санкт-Петербург - Астана бағыты бойынша рейстерді орындау үшін Red Wings әуе компаниясының тағайындау туралы шешім қабылданғаны туралы xабарлама келіп түсті», - деп атап өтті комитеттен.

Қазіргі уақытта Астанадан Санкт-Петербургке тікелей рейстерді «Эйр Астана» әуе компаниясы аптасына 6 рет жиілікпен орындайды. Бұрын ресейлік тараптан бұл бағытта «Россия» авиакомпаниясы ұшқан болатын.