Санкт-Петербург қаласында 4 жасар бала абайсызда өзін атып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор қаласында 2011 жылы туған бала әкесіне қонаққа келген адамның травматикалық қаруымен ойнап отырып, өзін атып алды, деп хабарлады «РИА Новости».
Басынан жарақаттанған бала ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: Григорий Сысоев