Санкт-Петербургте өтетін WTA Tour финалына Путинцева алғаш рет қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева өз мансабында алғаш рет Санкт-Петербургте өтетін WTA Tour (әйелдер теннисінде маңыздылығы жағынан «Үлкен шлемнен» кейінгі орында) турнирінің ақтық ойынына жолдама алды.

Санкт-Петербургте өтетін WTA Tour финалына Путинцева алғаш рет қатысады

Жұма күні ол St. Petersburg Ladies Trophy турнирінің жартылай финалында әлемнің бесінші ракеткасы, словакиялық Доминика Цибулкованы 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) бір разрядты рейтингінде  34-орында тұрған Путинцева Санкт-Петербург турнирінен кейін алғаш рет әлемнің үздік 30 теннисшісі қатарына енеді, деп хабарлайды sports.kz.