Санкт-Петербургтегі теракті бойынша 8 күдікті қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургтегі теракт ісі бойынша  8 күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РФ Тергеу комитеті сайтына сілтеме жасап.

Санкт-Петербургтегі теракті бойынша   8 күдікті қамауға алынды

«Тергеу комитетінің аса маңызды істерді тергеу бойынша бас басқармада 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метрополитенінде болған террористік акт фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Тергеу өтінішіне сәйкес сот бұрын ұсталған 8 тұлғаға - Сейфулла Хакимов, Ибрагибжон Ерматов, Дилмурод Муидинов, Бахрам Ергашев, Азамжон Махмудов, Махамадюсуф Мирзаалимов, Шохиста Каримова және Содик Ортиковке қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын тағайындады», - делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар 6 сәуір күні Мәскеуде және Санкт-Петерборда ұсталды. Олардың тұрғылықты жерін тінту барысында жарылғыш зат («Площадь Восстания» стансасынан табылған жарылғыш затпен бірдей), атыс қаруы және оқ-дәрілер тәркіленді.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.