Санкт-Петербургтегі турнир: Қазақстанның 4 боксшысы жартылай финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасының төрт мүшесі бүгін дәстүрлі «Санкт-Петербург губернаторының кубогы» халықаралық турнирінің жартылай финалына қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Финалға шығу үшін біздің жігіттер мына қарсыластармен күш сынасады:
49 кг: Ержан Жомарт - Батор Сагалуев (Ресей);
52 кг: Азат Махметов - Жасурбек Латипов (Өзбекстан);
60 кг: Әділет Құрметов - Шунқор Абдурасулов (Өзбекстан);
91 килограмға дейінгі салмақта: Абзал Құттыбеков - Нарек Манасян (Армения).
81 кг салмақ санатында өнер көрсеткен Михаил Коханчик турнирдің алдын ала кезеңінде-ақ додадан шығып қалған болатын.
Ал Нұрбол Қалжанов (56 кг), Санатәлі Төлтаев (64 кг), Қанағат Маралов (69 кг), Ерік Әлжанов (75 кг) және Нұболат Сермахановтар (91 килограмнан жоғары) турнирді ширек финал кездесулерінде аяқтады.