Сансызбай Есілов сол жағалаудың құрылысы «айқай-шумен» басталғанын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ең бірінші әкімі Әділбек Жақсыбековтің орынбасары болған, қазірде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Еділов елорданың сол жағалауы қалай салынғанын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сансызбай Есілов сол жағалаудың құрылысы «айқай-шумен» басталғанын айтты

Сансызбай Есілов өзінің естелігін Астана қаласының әкімдігінде өткен салтанатты жиында айтып берді.

«Осында отырған сіздерге Қазақстанның елордасы өзгерген кездегі қиын да қуанышты сәттерді еске салайын. Бұл осыдан 19 жыл бұрын еді. Мемлекет басшысына байланысты бір эпизод есімде қалыпты. 1999 жылдың аяғы 2000 жылдың басы болуы керек. Сол кезде әкім болған Әділбек Рыскелдіұлы жиналыстарды үнемі кешке өткізетін. Жыл соңына қарай кешке жақын ол (Астананың алғашқы әкімі - Ә.Жақсыбеков) орынбасарларын жинады да, «мен жаңа ғана Президенттің қабылдауынан шықтым. Президент менен «жаңа Астанамызды салатын уақыт келген тәрізді» деп сұрады. Әрине, ол кезде ескі қаланың проблемасы көп еді: қала тұрғындарына жылу жетпейтін, апта сайын жылу құбырлары жарылатын, қала адамдары күні бойы сусыз отырған кездер болды. Сондықтан, сол жиналыста орынбасарлардың барлығы бірауыздан жаңа қалаға қарсы шығып, алдымен ескі қаланы реттеп алайық дедік. Келесі күні Әділбек Рыскелдіұлы сәл ашулы көңіл-күймен келіп, қол астындағыларға ескерту жасады да Нұрсұлтан Назарбаевтың  жаңа қала салу туралы нық тапсырмасын жария етті. Бізге Елбасының өзі қолмен сызған «Бәйтерек» монументінің үлгісін ұсынды»,-деп еске алды С.Есілов.

Сөзін аяқтай келе Сансызбай Есілов Астанаға құйылған инвестиция қазір он еселеп қайтып жатқанын атап өтті.