Санья-Астана рейсі 27 сағатқа кешікті: ұшақта қандай ақау болғаны белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Санья-Астана бағытындағы KC584 чартерлік рейсі техникалық ақауға байланысты 27 сағатқа кешікті. Әуе компаниясы ақаулы бөлшек ауыстырылғанын және жолаушыларға қонақүй мен тамақ ұсынылғанын хабарлады.
Белгілі болғандай 4 қарашаға жоспарланған Санья-Астана бағыты бойынша KC584 чартерлік рейсі техникалық ақаулыққа (жасыл гидравликалық жүйедегі төмен қысым) байланысты 5 қарашаға жылжытылған. Ақаулы бөлшек ауыстырылды. Жолаушыларға трансфер, тамақ және қонақ үй ұсынылған.
Әуе кемесі Санья әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 5 қарашада 10.07-де ұшып шығып, Астанаға 14.45-те келіп қонуы тиіс. Ұшақ 27 сағат кешігіп ұшқан.
Әуе компаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайтынын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылғанын жаздық.