Саңырау әрі мылқау жігіт сіріңке шырпысынан мешіт тұрғызды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Ахмет Ибрагимов есімді дағыстандықтың көкірегі сайрап тұрғанымен, өзгелер секілді іштегі шерін ақтарып, сырын айта алмайды,

Саңырау әрі мылқау жігіт сіріңке шырпысынан мешіт тұрғызды

құстардың сайраған үнін, судың сылдыры мен жапырақтардың сыбдырын ести алмайды.

Сөйтсе де, саңырау әрі мылқау осынау жігіт өмірден өз орнын тапты, деп хабарлайды muslim.kz.

Міне, үш жылдың жүзі болды, арманы асқақ, қиялы ұшқыр Ахмет сіріңке шырпысы мен кәдімгі қағаз желімімен өзгеше өнер туындыларын жасайды.

Бірде ол шырпы мен тіс шұқығыштан үй «тұрғызған» адам туралы фильмді көріп, ойға қалады. Мешіттің нұсқасын жасап көреді. Оның бұл туындысы достары мен туған-туыстарының көңілінен шығады. Содан бастап, ол қолөнердің бұл түрімен түпкілікті айналысады. Жасағандарын сатып, табыс та табады. Оның өнерінен хабары бар былайғы жұрттың тапсырысын орындаудан қолы тимейтін болды. Ол өз туындыларының ішінде Меккедегі мешіттің шағын көшірмесін «ең үздік жұмысым» деп есептейді.

Ахмет бұл мешітті жасауға 10 тәулік кеткенін айтты. Оны жасауға 20 қорап тіс шұқығыш, 50 қорап сіріңке шырпысын және қағаз желімнің 5 флаконын пайдаланған.