Саңырауқұлақ дайындаудан байқау өткізілуде
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Испания автономды қоғамдастығында Кастилия және Леон және Португалияда алғаш рет саңырауқұлақтан жасалған жеңіл тамақ бойынша халықаралық байқауы - I Concurso Hispanoluso Micogastronómico өткізілуде.
Аспаздар табиғи жағдайда өсірілген саңырауқұлақтан ас әзірлейді. Байқау 9 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Travel.
Үш сарапшыдан құралған қазылар алқасы әр қатысушы аймаққа арнайы сыйақы тапсырады.