Саңырауқұлақ семірте ме?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джон Хопкинс университетінің ғалымдары етке қарағанда саңырауқұлақ тез салмақ тастауға көмектеседі деп мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, саңырауқұлақ ағзаға пайдалы ғана болып қоймай, артық салмақтан арылтады екен.
Зерттеуге қатысқан 88 пайыз әйелдерге (орта жасы 48) саңырауқұлақ қосылған ас мәзіріне ұсынған. Ал қалғандарына күнделікті ас мәзірін береді. Нәтижесінде, саңырауқұлақпен тамақтанған топ артық салмақ тастаған. Сондай-ақ олардың денсаулықтары да жақсара бастаған, деп жазады MyJane.ru.
Сондықтан да ғалымдар саңырауқұлақ етті алмастыра алады және денсаулыққа пайдалы деген қорытындыға келді.