Санжар Нұрсейіт пен Райхан Мәди самбодан Еревандағы әлем кубогында топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Армения астанасы Ереванда спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем кубогы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың соңғы күні Қазақстан қоржынына тағы бірнеше медаль түсті. Атап айтқанда, ерлер арасында жауынгерлік самбодан отандасымыз Санжар Нұрсейіт пен Райхан Мәди чемпион атанды.

Назарыңызға біздің жүлдегерлерді ұсынамыз:
Чемпиондар:
Санжар Нұрсейіт (-79 кг) жауынгерлік самбо
Райхан Мәди (+98 кг) жауынгерлік самбо
Күміс жүлдегерлер:
Серік Шадияр (-64 кг) жауынгерлік самбо
Жалғас Жұмағалиев (-79 кг) жауынгерлік самбо
Ерасыл Ғабдулманап (+98 кг) жауынгерлік самбо
Қола жүлдегерлер:
Гүлдана Әлмұханбетова (-54 кг) спорттық самбо
Аружан Сатова (-65 кг) спорттық самбо
Мадина Ержан (-80 кг) спорттық самбо
Айта кетейік, бірінші жарыс күні Қазақстан командасы 1 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алған.
Еске салайық, Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингіде жоғарылады.
Бейбіт Жұқаев Оңтүстік Кореядағы турнирде бастапқы қарсыласын камбэкпен жеңді.