Санжар Тәшкенбай бокстан әлем кубогында алтынға таласады

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында бүгін, 20 маусымда Санжар Тәшкенбай (50 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем кубогында алтынға таласады
Фото: olympic.kz

Санжар Тәшкенбай ½ финалда испаниялық Мартин Молина Сальвадормен кездесті. 

Жекпе-жек барысында отандасымыз жинақы қимыл көрсетті. Қазақстандық боксшы соққының астына алды. Нәтижесінде қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. 

Санжар Тәшкенбай 2023, 2025 жылдары әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2022 жылы Азия чемпионы атанды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов финалға шықса, Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Валерия Аксенова (80 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ енді ел құрамасынан Аида Әбікеева (65 келі), Айбек Оралбай (90 келі) ел намысын қорғайды.

Айта кетсек, жарыстың аталған сатысында Өзбекстан 11, Қытай — 9, Қазақстан мен Франция — 8 үздігіне үміт артса, одан кейінгі орындарда Үндістан мен Польша — 6, 󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Англия мен Бразилия — 4, Әзербайжан мен Италия — 3, АҚШ, Болгария, Оңтүстік Корея, Иордания, Испания — 2 спортшысына сенім білдіреді.

Ал жартылай финалда Аустралия, Германия, Канада, Иран, Мексика, Тайпей, Таиланд және Молдовадан 1 былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.