Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай күміс жүлдені иеленді. 

Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: qaz_team_official

Әлем чемпионы Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі өзбек боксшысы басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар таразы басын өзіне аударды – 4:1. Бірақ үшінші раундта рефери Санжарды нокдаун алды деп есеп ашты. Қорытынды есеп – 4:1. Осылайша жеңіс Ш.Меликузиевтің еншісінде кетті.

Бүгін тағы 8 қазақстандық боксшы алтын үшін шаршы алаңға шығады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатының финалында 9 боксшының жетеуі өзбекстандықтармен алтынға таласатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар