Сапалы білім алу үшін жақсы оқытушы мен оқу құралдары жеткілікті дәрежеде болу керек - Н.Махметжанов

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазіргі күні математикадан қазақ тіліндегі есеп кітаптары өте аз.
None
None

Бұл жайында бүгін жарық көрген «Жоғары математика есептерінің жинағы» кітабының авторы Набибулла Махметжанов оқулықты кітапханаларға тапсыру рәсімі кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н.Махметжанов қазақ тіліндегі кітаптардың аздығын ескере отырып және өзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйеніп, аталмыш кітапты жазуға кіріскендігін айтады. Оған 4 жылдай уақыты кеткен.

«Бұл оқулық негізінен ЖОО-ның мемлекеттік стандартына негізделіп инженерлік, экономикалық және жаратылыстану мамандықтарына арналып жасалған. Оны ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен болатын. Онда теориялық материал келтірілген, есептер шығару үлгісі мен топтамасы көрсетілген. Қазіргі уақытта оқулықты ҚазҰУ-нің студенттері кеңінен қолдануда», дейді кітап авторы.

Сонымен қатар ол сапалы білім алу үшін жақсы оқытушы мен оқу-құралдары жеткілікті дәрежеде болу керектігін жеткізді. «Қазір еуропалық стандарттарға ауысып жатқандықтан, дәріске уақыт аз бөлінеді де, студенттер өздері көбірек оқуларына тура келеді», дейді Н.Махметжанов.

Н.Махметжанов өз сөзінде қаржы жағынан қолдау болса қазақ тілінде кітап жазатындар саны көбейе түсетіндігін айтады.

Соңғы жаңалықтар