Сапалы білім алу үшін жақсы оқытушы мен оқу-құралдары жеткілікті дәрежеде болуы керек - Н.Махметжанов
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Н.Махметжанов қазақ тіліндегі кітаптардың аздығын ескере отырып және өзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйеніп аталмыш кітапты жазуға кіріскендігін айтады. Сондай-ақ оған 4 жылдай уақыты кеткен.
«Бұл оқулық негізінен ЖОО-ның мемлекеттік стандартына негізделіп инженерлік, экономикалық және жаратылыстану мамандықтарына арналып жасалған. Оны ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен болатын. Онда теориялық материал келтірілген, есептер шығару үлгісі мен топтамасы көрсетілген. Қазіргі уақытта оқулықты ҚазҰУ-нің студенттері кеңінен қолдануда», дейді кітап авторы.
Сонымен қатар ол сапалы білім алу үшін жақсы оқытушы мен оқу-құралдары жеткілікті дәрежеде болу керектігін жеткізді. «Қазір Еуропалық стандарттарға ауысып жатқандықтан дәріске уақыт аз бөлінеді де, студенттер өздері көбірек оқуларына тура келеді», дейді Н.Махметжанов.
Н.Махметжанов өз сөзінде қаржы жағынан қолдау болса қазақ тілінде кітап жазатындар саны көбейе түсетіндігін айтады.