«Сапалы Қазақстан» кешенді жоспары әзірленсін - Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "Сапалы Қазақстан" кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен және "Атамекен" ҰКП-мен бірге 2019 жылдың ортасына дейін "Сапалы Қазақстан" кешенді жоспарын әзірлеп, қабылдасын. Онда халықаралық деңгейге сәйкес келетін қазақстандық стандарттарды, техникалық регламенттер мен нормаларды 3 жыл ішінде енгізуді, заманауи зертханалық базаны дамытуды ескерсін", - деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне Назарбаев Университетімен бірге алдыңғы қатарлы ғылыми-технологиялық компанияларды экожүйені, оның ішінде Астана бизнес-кампус пен Астана халықаралық ІТ-стартаптар технопаркін одан ары дамытуға стратегиялық әріптес ретінде тартуды пысықтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар