Сапалы заң шығару ісінде Қоғамдық Палатаның рөлі артып келеді

АСТАНА. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палата заң жобаларының талқыға түскеннен кейін, қабылданғанда сапалы болып шығуына атсалысып келеді.
None
None
Көптеген маңызды заң жобаларына өзінің сараптамасын берді. Сондықтан да Қоғамдық Палата Мәжілістің консультативтік-кеңес органы болып табылады. Бұл Палата нақты заң жобалары бойынша Үкімет пен Парламентке өз ұсыныстары мен толықтыруларын ұсынып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне сәйкес Қоғамдық Палата Мәжілістің Бюросында өз қызметі туралы тоқсан сайын есеп береді. Осыған байланысты Мәжіліс Бюросы 2008 жылғы желтоқсанның 26-сында Қоғамдық Палатаның 2007 жылғы қараша ? 2008 жылғы желтоқсан аралығы кезеңіндегі қызметі туралы мәліметін тыңдаған болатын.Бір жылға жуық уақыт ішінде Қоғамдық Палата Кеңесінің 6 отырысы, Қоғамдық Палатаның 9 отырысы өткізіліп, оның төртеуі көшпелі түрде өткен. Бір отырыс Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен бірлесіп өткізілді. Осы сессия барысында Қоғамдық Палата жұртшылыққа үндеу қабылдады, Палатаның Ережесі, жұмыс жоспарлары бекітілді.
Соңғы жаңалықтар