Сапар Ахметов Астананың жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы қоғамдық комиссияның төрағасы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті жанындағы комиссияның төрағасы болып сайланды.

Сапар Ахметов Астананың жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы қоғамдық комиссияның төрағасы болып сайланды

Бүгін аталған қоғамдық комиссияның бірінші отырысы өтті.

Сонымен қатар, отырыс барысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кәсіпкерлер палаталарын үйлестіру департаментінің директоры Ирина Тюгина қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары қызметіне кірісетіндігі белгілі болды.