Сапар Бектасов ТРАСЕКА-ның Қазақстандағы Ұлттық хатшысы қызметіне тағайындалмақ
АСТАНА. KAZINFORM – ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы (Ұлттық хатшысы) қызметіне Сапар Бектасов тағайындалмақ. Бұл жайында Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында айтылған.
«1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа – Кавказ – Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімнің 9-бабына және 2010 жылғы 13 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы бекіткен ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығы туралы ереженің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Сапар Бектасов ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы (Ұлттық хатшысы) болып тағайындалсын», - делінген құжатта.
Үкімет қаулысы 23 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылып отыр.