Сапарбай Айдаров кәсіби бокстағы алғашқы айқасында қарсыласын нокаутқа түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Сапарбай Айдаров кәсіби мансабын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Сапарбай Айдаров  кәсіби бокстағы алғашқы айқасында қарсыласын нокаутқа түсірді

Оның кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы 24 жастағы үндістандық Харш Пурохит (0-1) болды Айдаров жекпе-жекті төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады. Мұның алдында қазақстандықтың қарсыласы нокдаунға түскен еді.

Айта кетейік, Сапарбай Айдаров 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ, ол «Astana Arlans» клубының құрамында өнер көрсетті. Айдаров кәсіби мансабын екінші орта салмақта бастаған болатын.