Сапасыз мұнай өнімін сатқандарға жауапкершілікті күшейту қажет - А. Милютин

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Сапасыз немесе сертификатсыз мұнай өнімдерін сатқандарға заң арқылы жауапкершілікті қатайту керек.
None
None

Бүгін Мәжілісте «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету» және  «Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» тақырыптарындағы Үкімет сағаты барысында  депутат Александр Милютин осылай мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, шешімін табуды қажет ететін тағы бір мәселе еліміздің көптеген жанармай стансаларындағы бензин сапасына қатысты болып отыр. «Мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату барысында өнімді сертификатсыз немесе жалған сертификаттар арқылы өткізу де орын алып жатыр. Тіпті кей жағдайда сертификат бола тұра, бензин сапасы онымен мүлдем сәйкеспейтіні айқын. Сонда жұрт не үшін май құю стансаларына ақша шығындайды?», - дейді А. Милютин. Осыған орай, депутат Үкіметке бірқатар ұсыныстар жасады. «Біріншіден, қолданыстағы заңнамаға техникалық регламент талаптарына сәйкес емес немесе мұнай өнімдерін сертификатсыз сатқаны үшін жауаптылықты күшейтуге қатысты өзгерістер енгізу керек. Екіншіден, мұнай өнімдерінің сапа стандартына сәйкестігіне өндіру барысында ғана емес, оларды жаппай және бөлшек саудада сату барысында да мониторинг жүргізу», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар