Сапасыз салынған 6 қабатты ғимарат опырылып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кения астанасы Найробиде 6 қабатты ғимарат опырылып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы 40-қа жуығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Сапасыз салынған 6 қабатты ғимарат опырылып түсті

Үйінділер астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, адамдар тұрып жатқан үйдің алтыншы қабатында құрылыс жұмыстары жүргізілген, деп жазады khabar.kz.

Тергеу кезінде ғимараттың рұқсатсыз салынғаны да анықталды. Апатқа құрылыс жұмыстарының сапасыз жасалғаны себеп болса керек.