«Сапсан» жедел тобының негізгі міндеті белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР АШМ жанында құрылған «Сапсан» жедел тобы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 18 фактісін анықтады. Бұл туралы брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атап айтқанда, жедел топтың негізгі міндеттері орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру әрі  жүзеге асыру жөніндегі қызметіне ішкі бақылау жасау, сондай-ақ бұл қызметтердегі лауазымды тұлғалар тарапынан осы салаларда жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

«Сапсан» 12 адамнан тұрады. Олар жол талғамайтын 4 автокөлікпен, заманауи байланыспен, табельдік қарумен жабдықталған.  Жедел топтың құрамын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов бекіткен және олар тікелей министрге бағынады.  Бұл топтың жүретін бағдары жайында ешкім білмейді, бұл өз кезегінде браконьерлерге қарсы жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларының тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау және алдын алу; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жасалған құқық бұзушылықтарды, жедел топ ауыл шаруашылығы Министріне растайтын материалдарды қоса тіркеп, ұсынатын болады.

Е. Нысанбаевтың сөзіне қарағанда, 2017 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін жедел топтың атқарған жұмысының нәтижесі бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 18 факт тіркелді. Анықталған факт бойынша 3 қылмыстық іс және 15 әкімшілік іс қозғалды.

Бұдан бөлек, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің лауазымды тұлғаларына, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум