Сара Алпысқызының туған күніне арналған балалардың қатысуымен шаралар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Алматыда еліміздің бірінші ханымы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның туған күніне арналған мерекелік шаралар басталды.
None
None

Шара барысында балалардың сурет, шығарма, ашықхат, қол өнер байқаулары, ән фестивалі, сахналандырылған көрсетілімдер, мерекелік концерттер ұйымдастыру жоспарлануда. Ең бастысы, осы шаралар арқылы балалар Бас аналары Сара Алпысқызына деген өз ыстық ықылас-ниеттерін білдіре алады, дейді ұйымдастырушылар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерейтойына арналған 7 мен 12 ақпан аралығында өтетін шаралар бағдарламасын дайындаған болатын. Осыған сәйкес бүгін Алматы қаласының әкімдігі Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, белгілі республика әртістері және балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Махаббатқа толы жүрек» атты салтанатты шара өткізеді.

Сондай-ақ, ертең әлеуметтік мекемелер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінде кең көлемді шаралар өткізілмек. Олар: №1 Балалар үйінде «Махаббатпен...» атты мерекелік шара; №2 Балалар үйінде «Біз бірге - тату отбасымыз!» атты мереке; «Жанұя» арнайы кешенінде «Әлем қандай тамаша!» атты концерт; №8 арнайы мектеп-интернатында «Жаңа бастаудан...» атты музыкалық фестиваль; Үміт үйінде «Бәрі махаббаттан басталады» атты мерекелік концерттік бағдарлама және SOS «Алматы қаласының Балалар қалашығында» «Қазақстандық анаға арналады...» атты мәдени бағдарлама.

Сара Назарбаеваның бастамасымен 2010 жылдың 1 қыркүйегінде өскелең ұрпақты жалпыадамдық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы жаппай енгізілді. Өзін-өзі тану - ерекше пән. Сабақ барысында балалар адамгершілік қасиеттерге, абырой мен намысты бағалауға үйренеді. Жаңашылдыққа талпыну, жақсылық жасауға, рухани, әлеуметтік және шығармашылық даму үйлесімділігіне жетуге бейімделеді.

Соңғы жаңалықтар