Сара Назарбаеваға «Еуразия мақтанышы» медалі табысталды

СТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының секциялық мәжілісі барысында Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қорының жетекшісі Сара Назарбаеваға «Еуразия мақтанышы» медалі табысталды.

Сара Назарбаеваға «Еуразия мақтанышы» медалі табысталды

Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі шығарған шешімін жария еткен ректор Бақытжан Әбдірайым рухани мәдениетті дамыту ісіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаеваға «Еуразия мақтанышы» медалін салтанатты түрде тапсырды. Сондай-ақ осы наградаға Ресей мен АҚШ-тың екі ғалым-профессоры да ие болды.