Сарабдал саясат сардары - Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов барша астаналықтарды және қала қонақтарын  мемлекеттік мереке  - ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Күнтізбеге қызыл белгімен енген осынау жаңа мемлекеттік мереке, Елбасы күні - ең алдымен елдікке құрметтің белгісі, халықтық мейрам. Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті - жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, шекарасын нықтап, берекесін баптап, баянды болашаққа тура бастап келе жатқан тарихи тұлға. Дербестігін жариялап, азаттығын алған жиырма бір жыл уақыт ішінде  елімізді бүгіндее барша әлем танып, мойындады. Сондықтан бұл - егемен елдігін орнықтырып, тәуелсіздігін тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, халықты біртұтас бірлікке шақырар тарихи тағылымы терең мейрам.

Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!», - делінген қала әкімінің құттықтауында.  

Соңғы жаңалықтар