Сараланған тарифті енгізу арқасында су арналары өткен жылы шамамен 2 млрд. теңгенің суын үнемдеді

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Сараланған тарифті енгізу арқасында су арналары өткен жылы шамамен 2 млрд. теңгенің суын үнемдеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған ведомствоның басшысы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, еліміздің барлық өңірлерінде тұтынушылар топтары бойынша суға саралған тариф енгізілген. Сонымен қатар тұтыну көлемі бойынша екі деңгейлі сраланған тариф енгізу бағытындағы жұмыстар да жүргізілуде. Аталған тариф бүгінгі таңда Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Астана қаласында енгізілген.

«Толықтай алғанда 2011 жылы су арналарының кірісі 9,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайып, су үнемдеу шамамен 2 млрд. теңгені құрады. 2012-2013 жылдары 2 деңгейлі тарифтерді енгізуді жалғастыра отырып, 3 деңгейлі сараланған тарифке кезең-кезеңмен көшу ұсынылады», - деді М.Оспанов.

Соңғы жаңалықтар