Саран шахтасында кенші жарақат алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Саран шахтасындағы қайғылы жағдайдан жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Саран шахтасында кенші жарақат алды

«Қайғылы жағдай 5 қыркүйек күні күндіз сағат 1-де болды.  1966 жылғы зардап шеккен тау шеберіне алғашқы көмек көрсетіліп, кейіннен Қарағанды облыстық медициналық орталығына жеткізілді», - деп хабарлады «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі.

Алған жарақатының деңгейін дәрігерлер анықтап жатыр. Еңбек кодексінің қағидаларына сәйкес, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиғаны тергеу бойынша мемлекеттік комиссия құрылады.