Саранда азық-түлік дүкенінің сатушысын өлтірген адам ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Кеше Саран қаласының аулаларының бірінде орналасқан азық-түлік дүкенінде белгісіз біреу 27 жастағы сатушыны пышақтап кеткен. 

полиция, СИЗО, тюрьма
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Бүгін полицейлер ізін суытпастан қылмыскерді ұстады. Қаскөй кассадан ақша ұрламақшы болған. Алған жарақаттары салдарынан 27 жастағы сатушы әйел көз жұмды. 

Кісі өлтіру дерегі бойынша қала мен облыстың тәжірибелі полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмысты ашу мен тергеу дереу түрде ПД басшылығының және облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде адам өлтіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері 50 жастағы күдіктіні ұстады. Қарағанды облысының ПД тергеу тобы қылмыскерді қамауға алды.

— Күдіктіні ауыр қылмыс жасауға ақша мұқтаждығы итермелегені анықталды. Өзімен бірге пышағын ала келген ер адам күш қолданып, дүкеннің кассасын тонамақшы болған. Алайда сатушы қарсылық көрсетіп, қылмыскер оған пышақ салған. Салдарынан сатушы әйел көз жұмды. Қылмыс құралы — пышақ тәркіленді, — деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Осыған дейін Ұлттық ұлан сарбаздары кісі өлтірген адамды ізін суытпай ұстағаны жайлы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар