02:22, 12 Тамыз 2021 | GMT +5
Саранда екпе алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады
САРАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімдігі 7–15 тамыз аралығында вакцина алғандар арасында электроника және тұрмыстық техника ұтыс ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары қатысады. Құнды сыйлық алу үшін екі қарапайым шартты орындау керек. Коронавирус вакцинасының бірінші компонентін алып, вакцинация пунктіндегі ұтыс журналына тегі мен атын жазу қажет.
18 жастан 50 жасқа дейін вакцинация жасалғандар арасында смартфон, сымсыз құлаққап, смарт сағат, пауэрбанк және фен ойнатылады.
50 жастан асқан жастағылар үшін тұрмыстық техника ойнатылады. Жүлделер арасында кір жуғыш машина, микротолқынды пеш, ASEL электр пеші, блендер, баяу пісіргіш және үтік бар.
Ұтыс ойыны тікелей эфирде 16 тамызда сағат 15:00-де Саран қаласы әкімі аппаратының Instagram-дағы парақшасында өтеді.