Сарапшылар Қазақстан тарихының көптомдығымен танысты

АСТАНА. KAZINFORM — Вице-президенттің бастамасымен әзірленіп жатқан Қазақстан тарихының көптомдығы сарапшылар мен журналистердің талқылауына ұсынылды. Бұл туралы Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. 

Сарапшылар Қазақстан тарихының көптомдығымен танысты
Видеодан алынған кадр

— Қатысушылар том жетекшілеріне өз ұсыныстары мен ескертулерін жеткізді. Олар екі күн қатарынан академиялық еңбектің жобасын оқып, ескертпелері мен ұсыныстарын том жетекшілеріне жеткізді. Әрі жан-жақты талқылау барысында өз ой-пікірлерін ортаға салды. Көптомдықты жетілдіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр, — деп жазды Вице-президент.

 

Еске сала кетейік, Вице-президент Ерлан Қарин Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің дәстүрлі форумынан кейін Telegram-дағы парақшасында жиында көтерілген мәселелер мен ел дамуына қатысты өзекті тақырыптар туралы жазған болатын.